БҰҰ Бас Ассамблеясының Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялау туралы қарар қабылдауы – еліміздіңэкология саласында жүргізіп отырғанжұмысына берілген маңызды халықаралықбаға.
Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғықыркүйекте ұсынған болатын. Қазақстанныңұсынысын әлемнің түрлі өңірлерінен 32 мемлекет қолдады.
Қазақстанда көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оның негізгі бағыттары – ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту, шөлейттенудің алдын алу, климаттың өзгеру салдарыназайту және елді мекендерді көгалдандыру.
2021–2025 жылдары мемлекеттік орманқоры аумағында 1 млн гектардан астамжерде 1,6 млрд-тан астам көшетотырғызылып, тұқым себілді. 2026 жылы210 млн-нан астам көшет отырғызужоспарланған. Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын 2027 жылдың соңына дейін орындаукөзделіп отыр.
Елді мекендерді көгалдандыружұмыстарыда жалғасуда. 2021–2025 жылдары жоспарланған 15 млн ағаштыңорнына шамамен 18,4 млн ағашотырғызылды. Алдағы уақытта ауданорталықтары мен ауылдық елді мекендердікөгалдандыруға, сондай-ақ қалалардыңайналасында жасыл аймақтар құруғабасымдық беріледі.
Арал теңізінің құрғаған табанында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2021–2025 жылдары 1,1 млн гектардан астам аумақорман-мелиорациялық жұмыстарменқамтылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Сонымен қатар көшет өсіругеқажетті инфрақұрылымды дамыту жәнеатқарылатын жұмыстарды ғылымисүйемелдеу қарастырылған.
«Таза Қазақстан» жалпы ұлттық бастамасы аясында соңғы екі жылда елімізде 1,5 мыңға жуық экологиялық іс-шара өткізіліп, шамамен 5,5 млн ағаш отырғызылды. Экологиялық іс-шараларға жыл сайынмиллиондаған азамат пен ерікті қатысады.
Қазіргі міндет – ағаш отырғызу көлемін арттырумен қатар, оның сапасына да көңілбөлу. Осыған байланысты орманпитомниктерін дамыту, өңірлерді жергіліктіжағдайға бейімделген көшеттерменқамтамасыз ету, отырғызылған ағаштардыңжерсінуін бақылау және елді мекендердіңайналасындағы жасыл аймақтарды кеңейтужұмыстары жүргізілуде.
Алдағы бағыттардың бірі – Орталық Азия елдерінің «Орталық Азияның жасылқалқаны» өңірлік бастамасы. Оның аясындақорғаныш орман екпелері мен жасылбелдеулер құру көзделген. Қазақстанда осы бастама шеңберінде 1 млн гектардан астамаумақта орман екпелерін отырғызу мәселесіқарастырылуда. Сонымен қатархалықаралық климаттық қаржыландыруды тарта отырып, орман-климаттық жобалардыіске асыру жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасында биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі2026–2035 жылдарға арналғантұжырымдамада да ормандарды қорғаужәне молықтыруға ерекше көңіл бөлінген.
Тұжырымдамаға сәйкес, орманменкөмкерілген аумақтарды 2026 жылғы 14,03 млн гектардан 2035 жылға қарай 14,7 млн гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. Сонымен бірге ормандарды молықтыру, орман өсіруге жарамды жаңа жерлердіанықтау, орманды қалпына келтіру жәнекөгалдандыру жұмыстары жалғасады.
Осы жұмыстардың барлығы еліміздің жасыл қорын ұлғайтуға және табиғи экожүйелерді сақтауға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Халықаралық планетаны көгалдандыру күнінің белгіленуі елдерді ортақэкологиялық мәселелерді шешуге біріктіругемүмкіндік береді. Бұл күні мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ғылымиқауымдастық, бизнес, еріктілер мен тұрғындар жерлерді қалпына келтіру, орман алқаптарын көбейту және елді мекендерді көгалдандыру бағытындағы жұмыстарғаназар аудара алады.
Қазақстан осы бастаманы ұсынғанмемлекет ретінде елдегі көгалдандыру жәнеормандарды қалпына келтіру жұмыстарынжалғастырып, осы бағыттағы халықаралықынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті.