Ғарышкер деп ат қойдым: Димаш Құдайберген Президент сыйлаған тазысын көрсетті

Сурет: Президент Телерадиокешені

Әнші, қазақ халқының мақтанышы Димаш Құдайберген қазақ тазысы күніне орай бірегей кадрлар жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

— Бүгін — қазақ тазысы күні. Сіздермен бірегей кадрлармен бөліскім келеді. Бірінші суретте менің қасымда Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары. Ал екінші суретте — бәріміз жақсы көретін тұлпар Ақжанның әкесімен бірге түскен сәтім. Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту мен үшін үлкен мәртебе болды, — деп жазды ол.

Ол өзінің тазысына қатысты ерекше оқиғасы барын айтып, оны Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлағанын жазды.

— Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым, — деп жазды әнші.

Димаш Құдайберген осы бірегей кадрлар үшін Президент Телерадиокешеніне алғыс білдірді.

Айта кетейік, бүгін елімізде Қазақ тазысы мен төбеті күні алғаш рет аталып өтіп жатыр.