Биылдан бастап 3 қыркүйек елімізде Қазақы тазы күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Үкіметтің тиісті қаулысы 28 сәуірден бастап күшіне енді.
Қазақы тазы – халқымыздың жеті қазынасының бірі, ұлттық мұрамыздың ажырамас бөлігі. Шапшаңдығы мен қырағылығын, аңшылықтағы ерекше қабілетін бойына жинаған бұл асыл тұқымды ит қазақ халқы ежелден ерекше қадірлеген.
Қазақы тазы – тек аңшылықтың серігі ғана емес, ұлтымыздың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен біте қайнасқан қастерлі құндылық.
Ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Қазақы тазы күні құтты болсын!
Бүгін – Қазақы тазы күні!
Сурет: ЖИ