Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты

Фото: Gemini ИИ

Қазақстанда халық саны өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 1 тамыздағы жағдай бойынша ел тұрғындарының саны 20 604 819 адамға жеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жыл басынан бері халық саны 105 мыңнан астам адамға көбейген.

Ал, халық ең көп шоғырланған қала — Алматы. Мұнда 2,3 миллионнан астам адам тұрады. Астанада халық саны 1,6 миллионнан, ал Шымкентте 1,3 миллионнан асты.

Облыстар арасында тұрғындар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Ал, халық саны ең аз өңір — Ұлытау облысы.