Тарихы терең білім ордасы

Сурет: ЖИ COPILOT

Бішкектегі Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназиясының тарихы 1940 жылдан басталады. 1941 жылы мектеп ғимаратында Фрунзе әскери жаяу әскер училищесі орналасып, Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнда офицерлер даярланды. Солардың қатарында осы жерден майданға аттанған болашақ жазушы Кемел Тоқаев та болды. Бүгінде бұл ғимаратта мүлде басқа өмір – балалардың күлкісі, сабақ үні естіледі. Мұнда жас ұрпақ білім алып, болашағын қалыптастырып келеді. Кемел Тоқаев атындағы мектеп – ортақ тарихтың, тарихи жадының және Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының берік достығының символы.