Нұрайды өлтірген Шерхан Аймахан сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді

Сурет: Life09

Марқұм Нұрай Серікбайдың туыстары мен адвокаты сотталушының үкімге қарсы апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады. Жәбірленуші тарап бұл шағымға қарсылық дайындап жатыр. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Олардың адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық сатының өкілеттіктері жеткілікті. Ол бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін толық жойып, жаңа шешім шығара алады. Соның ішінде айыптаудың жекелеген баптарын алып тастауға, жаңаларын қосуға немесе жазаны жеңілдетеді”, – деді Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай.

Сонымен қатар Нұрайды ұрлап кеткеннен кейін алғашқылардың бірі болып барған, кейін оны бөлімшеде келісімсіз видеоға түсірген бұрынғы тергеуші Әбілғазы Артықбайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.