Ақтөбе қаласында әлеуметтік желіде қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзатын бейнежазба жариялаған тұрғын анықталды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тексеру барысында аталған бейнероликтің авторы Ақтөбе қаласының 27 жастағы тұрғыны Қолдас Қойшыгараев екені белгілі болды.
Құқық бұзушылық фактісі бойынша азаматқа әкімшілік айыппұл салынды.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілердің көпшілікке қолжетімді ақпараттық кеңістік екенін ескертеді. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде құқық бұзушылық жасаған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қоғамдық әдеп нормаларын сақтап, заң талаптарын сақтауға шақырады.
Ақтөбеде әлеуметтік желіде әдеп нормаларын бұзған тұрғын жауапқа тартылды
Сурет: ЖИ Canva