Абай қаласының тұрғындары үшін таңғы жаттығу жасап, денені шынықтыру – күнделікті дағдыға айналған. Қала тұрғындары, жас ерекшелігіне қарамастан, денсаулықты нығайтуға бағытталған белсенді өмір салтын ұстанып келеді.
Бүгін, Құрылтай сайлауы өтетін күні де абайлықтар бұл дәстүрден жаңылған жоқ. «Денсаулық марафоны» аясында таңертең дене жаттығуларын жасап, бой сергіткен тұрғындар кейін өздерінің сайлау учаскелеріне барып, азаматтық міндеттерін орындады.
Таңғы жаттығу арқылы денсаулыққа көңіл бөліп, одан кейін ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысу – қала тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымын көрсетеді.
Абайлықтар үшін бүгінгі күн саламатты өмір салтын насихаттау мен азаматтық жауапкершілікті қатар ұштастырған ерекше күн болды.
Ержан ИМАШ
Абай қаласы