Жас сайлаушының таңдауы – елдің ертеңі

Сурет: ұйымдастырушылардан

Алғашқы сайлаушылар арасында кәмелет жасына толып, азаматтық таңдауын тұңғыш рет жасаған Наргиза Әбеу де бар. Жас сайлаушы үшін қолына алғаш рет бюллетень алып, дауыс беру – айрықша әсерге толы сәт болды.

– Бұған дейін сайлау туралы сырттай естіп, теледидардан көріп жүретінмін. Ал, өзімнің алғаш рет сайлаушы ретінде келіп, дауыс беруім мүлде бөлек әсер қалдырды. Бұл – азаматтық жауапкершілікті шын сезінген сәтім. Саяси үдерістерді әлі де тереңірек танып-білуім керек екенін түсінемін. Соған қарамастан, қолымдағы ақпаратты саралап, өз таңдауымды саналы түрде жасауға тырыстым. Бүгінгі күн менің есімде ұзақ сақталары анық, – деді ол.

Бір сөзбен айтқанда, №35 сайлау учаскесіндегі маңызды күн алғашқы сайлаушылардың белсенді қадамымен басталды. Таңдау жасаған тұрғындардың қатарында ғасырдың бір белесін еңсерген қария да, азаматтық жауапкершілігін алғаш сезінген жас сайлаушы да бар.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН

Ortalyq.kz