«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін біз Құрылтайдың — еліміздің бір палаталы парламентінің депутаттарын алғаш рет таңдап жатырмыз.
Біздің Президентіміз атап өткендей, бүгінде біз «Заң және тәртіп», мемлекеттік институттардың тиімділігі, азаматтардың еркіне құрмет және олардың заңды құқықтарын қорғау мызғымас қағидаттарға айналатын мемлекетті құрып жатырмыз.
Бүгінгі таңда біздің әрқайсымыз бұл үдеріске өз үлесімізді қоса аламыз. Ол үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл күн жастарымыз үшін де маңызды. Сіздер болашақтарыңыз үшін дауыс беріп, азаматтық жауапкершілік таныта аласыздар.
Қарағанды облысында 639 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың төртеуі алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысын бастады. Екеуі Qarmet- те, қалғандары Балқаштағы Kazakhmys Smelting пен Нұра ауданындағы «Шұбаркөл көмір» - де ашылды. Бұл жұмысшыларға өндірістен шықпай-ақ өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, облыста сайлауға қатысу әрбір тұрғын үшін қолжетімді және ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайлар жасалған»,- деп жазды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің Facebook парақшасында.