Қазақстанда тағы бір қытайлық банк пайда болуы мүмкін

Фото: ЖИ

Қазақстанда Қытайдың ірі мемлекеттік банктерінің бірі – China Construction Bank (CCB) өз бөлімшесін ашуы мүмкін.

Банк 1954 жылы құрылған, штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Қазір Қытайда 13 мыңнан астам бөлімшесі бар. Сондай-ақ Токио, Нью-Йорк, Лондон және Сидней сияқты ірі қаржы орталықтарында филиалдары жұмыс істейді.

Егер CCB Қазақстанда еншілес банк ашса, Қытай капиталы қатысатын еліміздегі төртінші банк болмақ.

Дереккөз: Stan.kz