Егер мобильді байланыс операторы тариф құнын өзгертуді жоспарласа, ол абонентке тарифті көтерудің жоспарланған күнінен кемінде 60 күнтізбелік күн бұрын хабарлауы тиіс.
Тиісті норма 20 тамыздан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарлама абоненттің нөміріне SMS арқылы жіберілуі тиіс. Сонымен қатар байланыс операторы алдағы өзгеріс туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурстарында жариялауы қажет.
Жаңа талап тек абоненттерді хабардар ету мерзіміне қатысты. Операторлардың тарифтік жоспарлардың құнын қайта қарау құқығы жойылмайды.
Қазақстанда енді мобильді операторлар тарифтерді аяқ астынан қымбаттата алмайды
Сурет: Life09