Астана маңында бір отбасының екі қызы суға кетіп, көз жұмды

Фото: ЖИ ChatGPT

Ақмола облысында демалып жүрген бір отбасының екі қызы суға кетіп, қаза тапты.

Қайғылы оқиға Целиноград ауданының Қоянды ауылы маңындағы орталық жағажайда болған. 2015 және 2017 жылы туған әпкелі-сіңлілі қыздар ата-анасымен бірге демалып жүрген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ата-анасы бір сәтке балаларын көзден таса қылған. Көп ұзамай екі қыздың да денесі судан табылған.

Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаны растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Дереккөз:
Stan.kz