Ұлытау облысының Жезқазған қаласында саяжай алқабында екі үйден өрт шықты.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, қызыл жалынды сөндірді. Өрт 50 шаршы метр аумақты қамтыған.
Құтқарушылардың күшімен өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы
Жезқазғанда екі саяжай үйі өртенді
Фото: ЖИ