Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында таулы аймақта адасып қалған ерлі-зайыптыны құтқарушылар тапты.
Саңырауқұлақ теруге шыққан ерлі-зайыпты Комиссаровка шатқалынан Үш тас тауына қарай барған. Кейін олармен байланыс үзілген. Бұл туралы құтқарушыларға олардың немерелері хабарлаған.
ТЖМ-нің іздестіру тобы ерлі-зайыптыны Комиссаровка шатқалынан шамамен 20 шақырым жердегі Қаратока кордоны маңынан тапты.
Олардың медициналық көмекті қажет етпегені белгілі болды. Құтқарушылар ерлі-зайыптыны қауіпсіз жерге жеткізді.
Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы
Қарағанды облысында тауда адасқан ерлі-зайыпты құтқарылды
Фото: ЖИ ChatGPT