12 тамыз – Каспий теңізінің табиғи байлығын қорғауға, экологиялық тепе-теңдігін сақтауға және бірегей экожүйесін ұлықтауға арналған Халықаралық Каспий теңізі күні.
Бұл атаулы күнді 2006 жылдан бері Каспий жағалауындағы бес мемлекет – Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан атап өтіп келеді.
Халықаралық Каспий күні Каспий теңізі ортасын ластанудан қорғауға бағытталған Негіздемелік конвенцияның күшіне енуімен байланысты. Бұл құжат Каспийдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және теңіз табиғатын келер ұрпаққа аман жеткізу жолындағы маңызды қадам болды.
Каспий – бес елді байланыстыратын табиғи қазына ғана емес, сан алуан тіршілік иелерінің мекені. Сондықтан оны қорғау – ортақ жауапкершілік.