«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Қарағанды облыстық филиалының жаңа басшысы тағайындалды

Сурет: Автордан

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Қарағанды облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды.

Филиал басшылығына жол құрылысы және автомобиль жолдары саласында көп жылдық тәжірибесі бар Нұрмұханбет Дінмұхамед Рүстемұлы тағайындалды.

Нұрмұханбет Дінмұхамед Рүстемұлы 1985 жылы 31 мамырда Ақмола облысы Ерейментау ауданында дүниеге келген.

Жоғары білімді. 2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Кеден ісі» мамандығы бойынша, 2013 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мамандығы - автомобиль жолдарын салу.

Еңбек жолын 2008 жылы жол шебері қызметінен бастаған. Кейін жол прорабы, халықаралық жобаның жетекшісінің орынбасары, филиал директоры, бас инженер, жол пайдалану бөлімінің бастығы және бас маман қызметтерін атқарған.

2008–2014 жылдары «Астана-Бурабай» автобаны мен «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты.

2014-2019 жылдары «АКМ-Планум» ЖШС Ордабасы филиалының директоры болды.

2019-2023 жылдары «КазахАвтоДор» ЖШС жүйесінде жол шебері, бас инженер және ДЭУ бастығы қызметтерін атқарды.

2023-2024 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматылық облыстық филиалында бас маман, ал кейін филиал директорының орынбасары қызметін атқарды.

Нұрмұханбет Дінмұхамед Рүстемұлының жол құрылысы, автомобиль жолдарын пайдалану, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және өндірістік үдерістерді ұйымдастыру бағыттарында мол тәжірибесі бар.

Жаңа қызметінде ол Қарағанды облысындағы автомобиль жолдарының сапасын бақылау, жол активтерінің жай-күйін бағалау және жол инфрақұрылымының сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды үйлестіруге үлес қосады.