Желіде пойыз жолаушыларының рельстен өтіп, вагондарға мінуге мәжбүр болған видеосы тарады. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Кадрларда кей жолаушылар пойыздың биік баспалдағына шығу үшін шелек пайдаланғаны көрінеді.
«ҚТЖ» мәліметінше, оқиға Новоустькаменогорск станциясында «Алматы – Өскемен» пойызына жолаушыларды отырғызу кезінде болған.
ҚТЖ өкілдері жолаушыларды отырғызу пойыз бастығының бақылауымен жүргізілгенін және қызметкерлер, әсіресе қарттар мен баласы бар жолаушыларға көмек көрсеткенін айтты.
Компания жолаушылардан бұл жағдайға қатысты шағым түспегенін мәлімдеді.
Жолаушылар пойыздың баспалдағына шығу үшін шелекті пайдаланған: ҚТЖ не дейді?
Сурет: Life09