40 жастағы ер адам Mercedes-Benz көлігімен адамдар мен балалар шомылып жүрген жағажай арқылы суға кірген. Полицияның мәліметінше, оның әрекеті демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Massaget news-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны.
Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал оның көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.
Балқаш көлінің жағалауында демалушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды
Фото: Gemini ИИ