Елордадағы саябақта қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Сурет: baq_kz

Елордадағы саябақтардың бірінде жас қызға шабуыл жасаған күдікті полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, оқиға 29 шілде күні таңертең болған. Белгісіз ер адам қыздың артынан келіп, оған шабуыл жасап, күш қолдануға әрекеттенген. Алайда бойжеткен батыл қарсылық көрсетіп, қатты айқайлаған. Осыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. 27 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.