“Ұмай” әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Тамыз айында Отбасы банк әйелдерге арналған “Ұмай” ипотекалық бағдарламасына өтініш қабылдауды қайта бастайды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Massaget NEWS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарлама аясында Азия даму банкі “Ұмай” және “Жасыл ипотека” бағдарламаларын қаржыландыру үшін 90 млрд теңге бөледі.
Бұл бастама мыңдаған әйелдің баспаналы болуына жаңа мүмкіндік ашпақ.
Өтініш қабылдау басталған күн мен талаптары туралы қосымша ақпарат жарияланған кезде хабарлаймыз.
"Ұмай" әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Сурет: Life09