Орал тұрғыны әкесінің өлімі үшін ауруханадан ақша өндіріп алды

Сурет: Life09

58 жастағы ер адам бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда дәрігерлер оның мас күйінде болғанына байланысты қараудан бас тартқан.

Марқұмның ағзадағы алкоголь құрамына зерттеу жүргізілмеген.

Денсаулық сақтау басқармасының call-орталығына жүгінгеннен кейін ғана оны ишемиялық инсульт диагнозымен терапия бөліміне жатқызған.

Бірақ кеш басталған емге қарамастан ер адам келесі күні қайтыс болған. Осыдан кейін қала тұрғыны сотқа арыз түсірген.

Моральдық зиянды өтеу ретінде талап қоюшының пайдасына ауруханадан 4 млн теңге өндіріп алынды.

Сурет: