Алтай Республикасындағы жол апаты: екі қазақстандық қаза тапты

Фото: Life09

Ресейдің Алтай Республикасында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстанның екі азаматы көз жұмып, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, қарсы жолаққа шыққан Toyota Avensis жүргізушісі мас күйде болған және көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Соның салдарынан Қазақстан азаматы тізгіндеген Chevrolet Nexia көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан Chevrolet Nexia жүргізушісі мен 44 жастағы қазақстандық әйел оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, ауруханаға тағы үш Қазақстан азаматы және Toyota көлігінің бір жолаушысы жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайын Ресейдің құқық қорғау органдары анықтап жатыр.