17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондон клубының сапындағы алғашқы голын Австралиядағы маусым алдындағы турне барысында соқты. «Вестерн Сиднейге» қарсы жолдастық кездесуде ол матчтың небәрі 7-минутында алыстан бағыттаған жойқын соққысымен допты қақпаның тоғыздығына дәл түсірді.
Жас шабуылшы үшін бұл – «аристократтар» сапындағы жарқын бастама әрі оның мансабын жіті бақылап жүрген қазақстандық жанкүйерлер үшін зор мақтаныш.