2027 жылдан бастап қазақстандықтардың зейнетақы өтемақысын есептеу тәртібі өзгереді.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Енді есептеу кезінде азаматтың зейнетақы жинағын кім басқаратыны да ескерілмек. Сонымен қатар салымшылар жинағының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компанияларға бере алады.
Бұған дейін бұл мүмкіндік 50%-бен шектелген еді. Жаңа өзгерістер азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруда көбірек таңдау құқығын береді.
Ал мемлекет міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік беруді жалғастырады.
Қазақстанда зейнетақыға қатысты жаңа ереже енгізіледі
Сурет: ЖИ Canva