25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады.
Жаңа талапқа сәйкес, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар азаматтар әр 2 жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс.
Сонымен қатар, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты талап күшейтіледі. Атап айтқанда, жол қиылысында бұрылу кезінде апат жасаған, жылдамдықты шамадан тыс асырған, жолақ ауыстыру немесе басып озу ережесін бұзған азаматтар *қайтадан теориялық емтихан тапсыруы мүмкін.
Жүргізуші тиісті қаулыны алғаннан кейін 2 ай ішінде талапты орындамаса, көлік басқару құқығынан айырылуы ықтимал.
Дереккөз: Qazaqstan.tv