Мұндай жағдай өткен аптаның соңында Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағытындағы республикалық тасжолда тіркелді. Қатты ыстықтың әсерінен цемент-бетон жабындысы деформацияланып, жолдың бірнеше бөлігінде ақау пайда болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы бірнеше күнде осындай алты учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, ақауларды жою үшін 50 жұмысшы мен арнайы техника жұмылдырылған.
Алайда әлеуметтік желі қолданушылары жолдың сапасына қатысты күмән келтіріп, мәселе тек аптап ыстықта емес, жол құрылысының сапасында болуы мүмкін деген пікір білдіруде.
Қазақстанда аптап ыстықтан бетон жолдар тағы да көтеріліп кетті
Фото: Gemini ИИ