Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Балқаш қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен Балқаш қаласының әкімі болып Саян Мұратұлы тағайындалды.
Жаңа қала басшысын Балқаш қаласының активіне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды.
Саян Мұратұлы мемлекеттік басқару жүйесінде 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде абаттандыру, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы қызметінен бастаған.
Кейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы, кейін осы бөлімнің басшысы қызметтерін атқарды.
2022–2024 жылдары Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болды. Одан кейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылдың тамыз айынан бастап Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.