Бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов тұрмыстық зорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Оның жұбайы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Жәбірленушінің сіңлісінің айтуынша, спортшы ұзақ уақыт бойы әпкесіне күш көрсетіп келген. Соңғы оқиғадан кейін әйел ес-түссіз күйде, миының ісінуі және басқа да ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Теміртас Жүсіпов әзірге бұл айыптауларға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
📌 Дереккөз: Stan.kz