Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірген 63 адам ұсталды

Фото: ЖИ ChatGPT

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан 63 адам ұсталды.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркеліп, заңсыз түрде алтын өндіріп, оны өңдеумен айналысқан.

Тінту барысында ауыр техника, 40 мың АҚШ долларынан астам қолма-қол ақша, құрамында алтыны бар шикізат және іске қатысты құжаттар тәркіленді.

Тергеу дерегінше, заңсыз кен өндіру салдарынан қоршаған ортаға елеулі зиян келтірілген. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстық схемаға қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтап жатыр.

Дереккөз: @sputnik_aitady