Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Фото: ЖИ ChatGPT

Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты. Тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік екіге бөлініп кеткен.

Дәрігерлер ауыр жарақат алған баланың өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, жол апатының мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.