Балқаш қаласында туристік бағыттағы алғашқы индустриялық аймақ құрылып жатыр. Жағалау маңынан бөлінген 14 гектар жер енді туризмді жүйелі дамытуға бағытталады.
Ең бастысы – инвесторларға дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер телімдері ұсынылады. Бұл кәсіпкерлерге құрылысты бірден бастап, уақыт пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазірдің өзінде алғашқы демалыс орны ашылды. Мұнда еуропалық үлгідегі барнхаустар мен ұлттық нақыштағы этноауыл киіз үйлері келушілерді жыл он екі ай қабылдайды.
Сонымен қатар, жағалауда тағы екі заманауи қонақүйдің құрылысы басталды. Бұл Балқаштың туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, қала экономикасына серпін береді.
Балқаш енді тек жазғы емес, төрт мезгіл демалуға болатын туристік орталыққа айналуды көздеп отыр.
Дереккөз: ortalyq.kz