Футболдан өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси алғашқы матчта-ақ тарихи нәтиже көрсетті. Алжир құрамасына қарсы өткен кездесуде хет-трик жасаған сұрмерген командасына сенімді жеңіс сыйлады.
Бұл кездесу футболшы үшін тек жеңіспен ғана емес, әлемдік рекордпен де есте қалды. Алжир құрамасының қақпасына үш бірдей гол соққан Лионель Месси әлем чемпионаттары аясындағы голдарының жалпы санын 16-ға жеткізді. Осылайша, ол Мундиал тарихында ең көп гол соққан германиялық аңыз шабуылшы Мирослав Клозенің рекордын қайталады. Енді аргентиналық капитанға абсолютті рекорд орнату үшін тағы бір мәрте көзге түсу жеткілікті.
Сонымен қатар, Әлем чемпионатының «І» тобындағы өзге де фавориттер алғашқы ойындарын өткізді. Турнирдің басты үміткерлерінің бірі саналатын Франция құрамасы Сенегал командасымен кездесті.
Тартысты өткен матчта француздар қарсыластарынан 3:1 есебімен басым түсті. Осылайша, Франция құрамасы да өз тобында көш бастап, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
Әлем біріншілігінің тартысты кездесулері мен топтық кезеңдегі негізгі бәсекелер жалғасып жатыр.