А.ж. 17 маусым күні сағат 09:30-ден 13:00-ге дейін «Вагонсервис» АҚ учаскесі аумағында (мекенжайы: Новоселок көшесі, 347А) жағдайында лаңкестік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу жоспарлануда. Оқу-жаттығу шеңберінде «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы шаралардың жүзеге асырылуы қарастырылған.
Көрсетілген нысанның маңайында уақытша шектеу шаралары қарастырылады.
Осыған орай, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жала ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы