Синоптиктердің мәліметінше, 16-18 маусым аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі qazaqstantv-ға сілтеме жасап.
16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 18 маусымда Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында қатты жауын-шашын күтіледі.
Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда да күн ысиды. Мұнда термометр бағаны +35…+38 градусқа дейін жетеді.
Ал, қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.