Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтөбеге жұмыс сапарымен барып, өз бейнесін LEGO бөлшектерінен құрастырған оқушылармен кездесті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Кездесу барысында өнер иесі жас дарындарға алғысын білдіріп, жобаны дайындауға атсалысқан бес оқушыға жазғы лагерьге жолдама тарту етті.
Сапар аясында Димаш өзі білім алған №32 гимназияға және Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне барды.
Димаш Құдайберген LEGO-дан жасалған ерекше портреттің авторларымен жүздесті
Фото: Gemini ИИ