Алматы зообағында арыстанға тас лақтырған келуші жауапқа тартылуы мүмкін

Фото: Life09

Алматы хайуанаттар бағында келушілердің бірі арыстанның назарын аудару үшін оған тас лақтырған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Зообақ әкімшілігі жануарларға зат лақтыруға, қоршауларды қағуға, оларды әдейі мазалауға немесе үркітуге қатаң тыйым салынатынын ескертті. Мұндай әрекеттер жануарларды қатты күйзеліске (стресске) түсіріп, денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты бейнебақылау жазбалары мен барлық қажетті материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Тәртіп бұзушыға қатысты заң аясында тиісті шаралар қолданылатын болады.

Зообақ әкімшілігі тұрғындар мен қонақтарды жануарларға құрметпен қарап, белгіленген ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырады.