Елімізде электромобиль иелері үшін жаңа үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлері енгізілмек. Сенат цифрландыру, жеке деректерді қорғау және көлік саласындағы заманауи технологияларды дамытуға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жаңа мемлекеттік нөмірлер жасыл түспен рәсімделеді. Бұл бастама экологиялық таза көліктерді өзге автокөлік түрлерінен оңай ажыратуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұл жүйе заңды күшіне енгеннен кейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Сондықтан көлік иелері жаңа үлгідегі нөмірлерді бірден жаппай ала алмайды, олар кезекпен беріледі.
Қазақстанда электромобильдерге арнайы жасыл нөмір берілуі мүмкін
Фото: Gemini ИИ