Оқу-жаттығу кезінде граната жарылды: Полиция қызметкерлері зардап шекті

Фото: Gemini ИИ

Алматы облысында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде жарық-дыбыстық граната уақытынан бұрын жарылып, бірнеше тәртіп сақшысы жарақат алды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

ПД таратқан мәліметке сәйкес, оқиғаға техникалық ақау себеп болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Жағдай бойынша қызметтік тексеру басталды.