Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында үш жасөспірім суға кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға Сарыөзен өзенінің шомылуға арналмаған тұсында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер арнайы жабдықталмаған аумақта суға түскен. Өкінішке қарай, олардың ешқайсысын құтқару мүмкін болмады.
Қайтыс болғандардың барлығы биыл ғана мектеп бітірген түлектер екені анықталды.
БҚО-дағы қайғылы жағдай: Үш мектеп түлегі суға батып кетті
Фото: Gemini ИИ