Нөмірін жасырып, камераға әдепсіз қылық көрсеткен жүргізуші жауапқа тартылды

Фото: ЖИ ChatGPT

Түркістан облысында көлігінің мемлекеттік нөмірін әдейі жауып қойған жүргізуші жауапқа тартылды.

Бейнебақылау камералары Hyundai жүргізушісінің нөмірді шүберекпен жауып алғанын тіркеген. Сонымен қатар ол камера жанынан өтіп бара жатып, әдепсіз қылық көрсеткен.

Жиналған материалдар заңға сәйкес шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Дереккөз: Qazaqstan.tv