Қарағанды облысының 5 мектебі Қазақстанның үздік мектептері қатарына енді

Фото: Gov.kz

Қазақстанда пәндік олимпиада нәтижесі бойынша үздік мектептердің рейтингі жарияланды. Тізімге Қарағанды облысының бес мектебі кірді.

Олардың қатарында Нығмет Нұрмақов атындағы мектеп-лицейі, №1 және №2 «Білім-инновация» лицейлері, Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия мен Назарбаев Зияткерлік мектебі бар.

Рейтинг республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіндегі медаль саны бойынша жасалған. Жалпы еліміз бойынша үздік 114 мектеп анықталды.