Қазақстанның FATF рейтингіндегі көрсеткіші жақсарды

Фото автордан

 

Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) 44-пленарлық апталығы аяқталды. Іс-шараға ЕАТ-қамүше мемлекеттердің делегациялары, FATF, FATF үлгісіндегі өңірлік топтар, халықаралық ұйымдармен байқаушылар қатысты.

Жаһандық және өңірлік қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелеріталқыланды. Жасанды интеллект технологияларының ықпалын зерделеуге, сондай-ақ 2026–2027 жылдарға арналған ұлтаралықтәуекелдерді бағалауды дайындауға ерекшеназар аударылды.

2023 жылғы өзара бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан FATF стандарттарына сәйкестендіру мақсатында ұлттық заңнамаға ауқымды өзгерістер енгізуді бастады. Түзетулералты кодекске, он заңға және ондаған өзге де нормативтік құқықтық актілерге енгізілді.

Пленарлық отырыста Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы ақшаны жылыстатуғажәне терроризмді қаржыландыруға қарсы ұлттықжүйенің прогресі жөніндегі алғашқы есептіұсынды.

Нәтижесінде Қазақстанның FATF-тың төртнегізгі Ұсынымы бойынша рейтингі «едәуірсәйкестік» деңгейіне дейін көтерілді. Атапайтқанда:

– терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл;

– жаппай қырып-жою қаруын таратудықаржыландыруға қарсы іс-қимыл;

– заңды тұлғаларды қылмыстық мақсаттапайдаланудың алдын алу және бенефициарлықменшік иелерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

– қаржы ұйымдарын қадағалау.

Халықаралық делегациялар Қазақстанның номиналды тұлғаларды заңсыз пайдалану тәуекелдерінің алдын алу және төмендету бағытында қабылдап жатқан шараларын оңбағалады.

Бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінжүргізу және ҚЖ/ТҚ саласындағы заңнаманыбұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтужұмыстары ерекше атап өтілді.

Қазақстан Республикасының қорытынды прогресс есебі сапа мен FATF стандарттарынасәйкестік талдауынан өткеннен кейін ЕАТ-тыңресми сайтында жарияланады.

Қол жеткізілген нәтижелер – ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік органдарыныңбірлескен жүйелі жұмысының қорытындысы. Қазақстан халықаралық талаптарды, заманауисын-қатерлер мен үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұлттық жылыстатуға қарсы жүйені одан әрі жетілдіруді жалғастырады.

ЕАТ-тың келесі, 45-пленарлық апталығы 2026 жылғы қарашада Тәжікстан Республикасында өтеді.

Дереккөз: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі