Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Эйфель мұнарасының маңында қазақтың әйгілі «Адай» күйі күмбірледі. Ұлттық өнерді паш еткен орындау еуропалықтар мен туристердің ерекше ықыласына бөленді.
Күйді орындаған — 23 жастағы талантты күйші Мейірбек Әзімбаев. Ол Парижге гастрольдік сапармен барған.
Әлеуметтік желі қолданушылары жас күйшіге ризашылығын білдіріп, қазақ күйінің шетелде кеңінен насихатталып жатқанын атап өтті.
Париж төрінде қазақтың «Адай» күйі орындалды
Фото: ЖИ ChatGPT