Балқаш пен Теміртаудағы демалыс аймақтарына тексеріс жүргізіледі

Сурет ұйымдастырушылардан

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесіне сәйкес 2-санаттағы (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы) су объектілері, демалыс орындары (жағажайлар) эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады және өз қызметін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) болған кезде жүзеге асыруға тиіс.

Облыста 149 жаппай демалыс орнының (демалыс аймақтары мен жағажайлар) 83 объектіде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар, бұл 55,7% құрайды. СЭҚ тізбесі Департаменттің сайтында орналастырылған. Департамент бүгінгі күні СЭҚ болмау фактісі бойынша профилактикалық бақылау шеңберінде 11 ұсыным берді және қызметке тыйым салу түрінде жедел ден қоюдың 11 шарасын шығарды. Қолданыстағы заңнама шеңберінде ағымдағы жылдың маусым айында Балқаш қаласында 11 және Теміртау қаласында 8 демалыс аймағын аралай отырып, профилактикалық бақылауды тексеру жоспарланған. Департамент және оның аумақтық басқармалары тұрақты негізде бизнес субъектілерімен ақпараттық сипаттағы ұсынымдарды тапсыру, жол бойындағы туризм объектілері бойынша мониторингтік топтарға қатысу, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, “Атамекен” алаңына барып кеңестер өткізу арқылы демалыс аймақтары мен жағажайларды күтіп ұстау бөлігінде санитариялық талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әлеуметтік желілердегі мақалалар жариялануда. Тиісті рұқсаттардың болуы және өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде объектілердің қажетті жұмыс істеуіне ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылдың мамыр айынан және суға түсу маусымы кезеңінен бастап Департаменттің аумақтық басқармалары ашық су қоймаларының су сапасына және рекреация аймақтарының топырақтарына микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге зертханалық бақылау жүргізеді.  
 

Айгерім ЖЫЛҚЫБАЕВА Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары