Турнир туы Қазақстанға ресми түрде табысталды.
Астана әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстан 2027 жылғы үстел теннисінен Әлем чемпионатын өткізу эстафетасын ресми түрде қабылдады.
Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туын салтанатты табыстау рәсімі Лондонда өтіп жатқан қазіргі әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде алғаш рет үстел теннисінен Әлем чемпионатын өткізетін мемлекет атанбақ. Бұл – еліміз үшін тарихи жетістік.
Әлем чемпионаты 2027 жылғы 22-30 мамыр аралығында өтеді.
Дереккөз: t.me/qazsporttv