Вице-президент Президент сайлауынан кейін де өкілеттігін тоқтатпайды

Фото: Life09

Мұны Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты. Оның сөзінше, вице-президент дербес мемлекеттік органды басқармайды.
Вице-президентті Президент тағайындайды. Сонымен қатар Президент жүктеген өзге де міндеттерді орындайды.

Вице-президент тек Президенттің атынан өкілдік етеді. Сондықтан жаңа Президент сайланған кезде вице-президенттің қызметі автоматты түрде тоқтатылмайды.