Қарағанды және Ұлытау облыстарында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ауқымды челлендж өтті

Автор суреті

2026 жылғы 5 мамыр күні «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты барлық аумақтық пробация қызметтерінде кең ауқымды челлендж ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – есепте тұрған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету.

1

Челленджге пробация қызметінің қызметкерлерімен қатар полиция, прокуратура және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері белсенді қатысты. Кездесулер барысында сотталған азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүмкіндіктері жан-жақты түсіндіріліп, қолдау шаралары ұсынылды.

Іс-шара аясында қатысушылар құқықтық диктант жазып, заң талаптарын сақтау тақырыбында профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік және құқықтық көмек алу жолдары, оның ішінде жұмысқа орналасу, қайта бейімделу және қоғамға сәтті интеграциялану мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Ауқымды челлендж Приозерск қаласынан Нұра ауданына дейінгі барлық өңірлерді қамтып, мемлекеттік органдардың өзара тиімді ынтымақтастығын көрсетті. Мұндай бірлескен шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырумен қатар, олардың өмірлік қиын жағдайдан шығуына және қоғамға толыққанды оралуына нақты мүмкіндік береді.