Жамбыл облысында алаяқ “қайтарымсыз несие алып беремін” деген желеумен мүгедек адамды алдап кеткен

Фото: Gemini ИИ

Сот деректеріне сәйкес, 2025 жылы күдікті Жуалы ауданындағы тұрғынның інісі ІІ топтағы мүгедек екенін біліп, оның атына 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз несие рәсімдеуді ұсынған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап. 

Осы мақсатта мүгедектік құжаттарының көшірмелерін алып, кейін несие рәсімдеу үшін 300 мың теңге талап еткен.

Ауыл тұрғыны қаражатты бергенімен, күдікті ақшаны жеке қажетіне жұмсап жіберген.

Кейін жәбірленуші келтірілген шығынның өтелгенін айтып, сотталушымен татуласқанын жеткізген. Соған байланысты істі тоқтату туралы өтініш білдірген.

Сот жәбірленушінің өтінішін қанағаттандырып, қылмыстық істі тоқтатты.