Ауыл шаруашылығы министрі тиісті бұйрыққа қол қойып, ел аумағына шетелден тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, үшінші елдерден және ЕАЭО мемлекеттерінен барлық көлік түрі арқылы жұмыртқа тасымалдау 6 айға тоқтатылады.
Алайда, транзиттік жүк тасымалына бұл шектеу әсер етпейді. Яғни, Қазақстан арқылы өтетін халықаралық тасымалдарға рұқсат бар.
Бұл шешім отандық өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған.
Қазақстанға жұмыртқа импорттауға уақытша шектеу қойылды
Фото: Gemini ИИ